Жыныстық қатынаспен айналысқан ер мен әйел балконнан құлап кетіп көз жұмды
Эквадорда ер адам мен әйел жыныстық қатынаспен айналысып жатып балконнан құлап кетті.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ер адам мен әйел жыныстық қатынасқа түскен кезінде көпқабаттың үйдің үшінші қабатының балконынан құлап кеткен. Оқиға салдарынан екеуі де көз жұмды.
28 жастағы әйел мен 35 жастағы ер адамның денесін көршісі үйдің ауласынан тауыпты. Ол әлдененің қатты құлаған дауысын естігеннен кейін көшеге жүгіріп шыққан.
Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Еске сала кетсек, биылғы жылдың шілде айында Санкт-Петербургте ер мен әйел жыныстық қатынасқа түсіп жатқан кезінде 9-қабаттың балконынан құлап кеткен еді. Олар жерге құлағаннан кейін әйел қайтыс болды. Ал ер адам орнынан тұрып, кетіп қалды.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды