Жыныстық қатынасқа күш қолданбай түскісі келген: Қарағандыда 52 жастағы педофил ұсталды
Қарағандыда ойнап жүрген бүлдіршіндерге тиіспек болған педофил қолға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

52 жастағы ер адамның қолға түскені туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.
«2019 жылдың 21 тамызында сағат 14:00 шамасында 30 жастағы қала тұрғыны Киров аудандық полиция бөліміне хабарласып, белгісіз біреудің балаларға күш қолданбай азғындық әрекеттер жасауға тырысқанын айтты. Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері аталған адамды полиция бөліміне жеткізді. Ол 52 жастағы қала тұрғыны болып шықты», – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Аталған фактіге сәйкес, ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Дәл қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған