Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жылап отыратын қатын мен емес": Гүлзира Айдарбекова "Қайрат пен Жұлдыздың арасы суып кетті" дегендерге жауап берді

Танымал продюсер, әнші Гүлзира Айдарбекова өзін сынайтын әрі отбасына тиісе беретін оқырманын орнына қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/gulziraaidarbekova/

Гүлзира Үсенқызы екінші келінінің анасына арнап жазба жариялаған еді. Одан кейін келіні Әйгерімге де оқырман алдында алғысын білдірді. 

“Қалай мақтамайын, әлі ешқайсымыздың бетімізге келген емес, анасы қызына ақылын айтудан жалыққан емес, одан қалса ата-әжесі. Ең әдемі қасиеті – кешірім сұрай алады. Біздің үйіміздің сәні ғой, сәлемін де салады, орысша тәрбиелегенгеніне қарамастан. Тек көз тимесін!”, – деп жазды продюсер. 



Желі қолданушылары үлкен келіні Жұлдызға не үшін жазба жарияламайтынын сұрады. Олар Қайрат пен Жұлдыздың бөлек тұрып жатқандарына жұлдызды енені кінәлады. Алайда продюсердің оған да берер жауабы дайын болып шықты. 

“Мені иттік жасады деп өз аузынан естіп па едіңіз, неге отбасымызбен араласып бәрін білетін адам сияқты отырсыз? Ұлдарым үшін қолымнан келгеннің бәрін жасағаным кінәм болса, өсекті өрбіте беріңіз. Сіздер қаншалықты келіндерді азғырып, жаныма тиетін сөз айтсаңыздар да, сырымды айтып жылайтын қатын мен емеспін. Қай келінім болса да, менің өмірімнің жалғасы, әулетімді жалғастырып отыр”,  – деп жауап берді Гүлзира. 

Айта кетейік, "Өз еркі – өзінде" деп Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз Әбдікәрімоваға қатысты пікір білдірген еді. 

Талқылау