Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жыламау мүмкін емес: Алматы облысында 3 жасар бүлдіршін желшешек ауруынан көз жұмды

Алматы облысында үш жасар Ваня есімді бүлдіршін әпкесінен желшешек (ветрянка) ауруын жұқтырып, артынша көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Время" басылымына сілтеме жасап. 

Марқұм болған баланың ата-аналары прокуратураға дәрігерлердің жұмысын тексеруді сұрапты, алдағы уақытта олар сот тарапынан әділдік іздемекші. 

Ваняның әкесінің сөзінше, баласының алдымен оның аяғы, содан кейін қолы ауыра бастаған. Келесі күні таң ата салысымен емханаға барған кезде дәрігер оларға ибуфен дәрісін жазып, үйіне қайтарып жіберіпті. Түске таман бүлдіршіннің қолы ісіп, жедел жәрдем шақыртуға тура келген. 

Жедел жәрдем келіп жеткенше бір жарым сағат өтіпті. Бұл уақытта бос бригада болмады деп түсіндіріпті медицина қызметкерлері. 

Қаскелеңнің ауруханасында балалар дәрігері табылмай, баласы ауырған ата-ана тағы да сандалыпты. Ақыры төзімдері таусылған олар тағы да жедел жәрдем шақырып, баласын Алматының екінші жартысында орналасқан Өтеген батыр ауылындағы ауруханаға апармақшы болыпты. 

Ауруханаға жеткен баланың жағдайы мүлдем нашарлап кетіпті. Дәрігерлер балақайды бірден жансақтау бөліміне жатқызған. Бірақ олар Ваняның өмірін аман алып қала алмапты. 

"Таңертең ғана сап-сау баламды кешкісін өлі күйінде қайтарып берді", - деп қынжылды Ваняның анасы. 

Кейіннен 3 жасар жеткіншек  желшешек (ветрянка) энцефалитіне шалдыққаны анықталыпты. Бұл ауру қызылшаның асқынған күйі көрінеді. Дәрігерлер диагнозды дер кезінде қоя алмапты, салдарынан Ваня марқұм  болған. 

"Ауру баланы бір ауруханадан қаланың екінші жартысында орналасқан ем қабылдау орталығына тасып жүру деген не сұмдық? Біздің жанымызда Алматының №7 қалалық ауруханасы мен тағы бір балалар ауруханасы бар. Ойлаңыздаршы сондағы айтқан сөздері: "Сіздер қалада тіркелмегенсіздер, сол үшін сіздерді ол жақта қабылдай алмайды", - дейді. Қаскелең қайда, Өтеген батыр ауылы қайда? Баламыздың өмірі қайдағы бір бір жапырақ қағазға бағынышты болды ма сонда? Ұят-ай! Мемлекеттің соры бұл!" - деп наразылықтарын білдірді Ваняның ата-анасы. 

 

Талқылау
Пікір
Zhan
09 Қаң, 20 жыл - 22:55

Мен де желтоқсан айының орталарына таман жедел жәрдем шақыртқан болатынмын.Түнгі сағат 12-лер шамасында,анам құсып, қол, иық, бүкіл жері тырысып, қатты қиналды. Жедел жәрдем қызметін шақырттық. Сұрақ жаудырып, жедел жәрдем жібереміз деді. 1-жарым сағат ішінде тағы 2 рет хабарластым. Бос бригада жоқ, деп жауап қайтарумен болды. 1-жарым сағат өткен соң, Құдайға мың да бір алғыс, анашымның ауруы басылды. Мен оларға, болды, келмей-ақ қойыңыздар деп хабарласқанда, жақсы, біз енді бригада жіберіп едік деді. 1-жарым сағат ішінде, қатты ауырған адамға не болады?! Олар көп болса 15-20 минут науқасқа барып, емдеп, немесе ауруханаға алып келіп жатқызады. 1-жарым сағат деген сұмдық. Біз де Қаскелең қаласының тұрғынымыз. Тұрып жатқанымызға, осы жылы 10 жыл болады. Бұрын соңды 1-2 рет қана шақырған болатынбыз, жедел жәрдем қызметін. Мына, мәселені шешу керек. Қаскелең-қала статуста.

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Еңбек министрлігі әйелдердің неліктен ерлерге қарағанда зейнетке көп ақша жинау керектігін түсіндірді

Біржан Нұрымбетов зейнетақы жинақтарын алу үшін жеткіліктілік шегін есептеу туралы айтты

Қазақстанның бас санитар дәрігері: Жалған ақпаратты тоқтатуларыңызды сұраймын

Қазақстанда коронавирустің жаңа түрінің таралуы туралы қауесет расталмады

Қазақстан Fed Cup-ты қабылдамады: Теннис матчы Қытайда өтуі тиіс болған

Матчты Қытайдың Дунгуан қаласынан Нұр-Сұлтанға ауыстыру ұсынылған еді

Қытайға пойыздар мен автобустардың қозғалысы тоқтатылады

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінде хабарлады

Қытайдан Нұр-Сұлтанға келген қыздың Гонконг тұмауымен ауыратыны анықталды

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері: Қызда H3N2 тұмауы бар. Бұл анық

Сарапшылар қытайлық коронавирустың Қазақстан экономикасына әсерін айтты

Коронавирус індетінің әлемдік экономикаға теріс әсері күшті болады

Алматы полиция департаментінің басшысы тағайындалды

Бұл орындағы Серік Күдебаев басқа қызметке ауысты

Депутат премьер-министрден қазақстандықтарды Қытайдан шығаруды сұрайды

Депутаттар Ухань қаласынан басқа қалалардағы қазақстандықтарды елге қайтаруды қалайды

Америка Қытайдың қауіпті аймағынан азаматтарын эвакуациялады

240 америкалық Ухань қаласынан эвакуацияланды

Әйелі әйгілі фамилияда: Ресейдегі жаңа елші Ермек Көшербаев пен отбасы туралы не белгілі

Көшербаевтың әйелінің туысы Ален Чайжүнісов елбасының немересі Венера Назарбаеваға үйленген
Çàãðóçêà...