"Жыл сайын 150 рет жер сілкінеді": Ләйлә Сұлтанқызы Жапония туралы қызық деректі бөлісті
Белгілі журналист Ләйлә Сұлтанқызы Жапониядағы жазғы демалысы қалай өтіп жатқанын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/sultankyzy/
Ләйлә Сұлтанқызы Токиода маусым мен шілде нағыз жаңбырлы маусым екенін ескертті.
"Әлемдегі ең көп қоныстанған қала, 13 млн-нан астам тұрғыны бар. "Хатико" фильміндегі ит осындағы Сибуя станциясында иесін күткен. Дүниедегі ең қымбат мейрамханалардың бірі "Арагава" осында орналасқан. Жыл сайын мұнда шамамен 150 рет жер сілкінеді екен", – деп жазды тележурналист.
-
Жапония ғалымдары роботқа адамның тері жасушаларын бекітіп, оны "күлдіру" әдісін ойлап тапты (видео)
-
"Қытай мен Жапонияда халық саны азаяды": 2070 жылдары қарттардың саны балалардан асып түседі
Сондай-ақ елімізді күншығыс елімен салыстырып, ұқсастықтарын атап өтті.
“Жапонияға бару үшін міндетті түрде виза керек. Жазда барсаңыздар, ыстыққа, ылғалға төзім қажет. Көбі ағылшынша білмейді. Жапониялық 1 иен шамамен 3 теңге. Біздің карталармен төлем жасауға болады. Алдын ала баратын қалалар мен көретін жерлерді жоспарлап, отельдерге брон қойып, билеттерді сатып алған дұрыс. Уақытты, ақшаны және жүйкеңізді үнемдейсіз. Тамақтан сәл қиналуыңыз мүмкін. Балық, лапша, ащы және тәтті тағамдар тым көп.
Такси өте қымбат. Көп адам метромен жүреді. Жапония аумағының 70%-ын таулар алып жатыр. 200-ден аса жанартау бар екен. Жергілікті тұрғындар үшін 14-16 сағат жұмыс істеу – норма. Себебі еңбекқор халық. Көшеде қоқыс жәшігін сирек кездестіресіздер. Әркім өз қоқысын үйіне алып кетеді. Толық адамдар аз. Спортсүйер қауым деп те айтуға келмейді. Жай ғана – тұқымқуалаушылық. Балалар өте аз. Кішкентай балдырғандарға қарағанда, көшеде үй жануарларын жиі кездестіресіз”, – деп ақпаратын бөлісті журналист.
Еске салайық, Жапониядағы жас қыздар арасында жаңа дәстүр пайда болды. Жаңа тренд бойынша қалыңдықтар жалғыз адамдық той ұйымдастырып, өзіне өзі тұрмысқа шығатынын жазған едік.