Жыл басынан бері 600 лауазымды тұлғаның жемқорлыққа қатысы бар екені анықталды – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстанда жыл басынан бері 1 100-ден аса жемқорлық деректері анықталған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Президенттің қабылдауында болған агенттік төрағасы 600 лауазымды тұлғаның жемқорлыққа қатысы бер екені анықталғанын айтты. Олардың 110-ы түрлі деңгейдегі басшылар. Ел бюджетіне 220 миллиард теңгеден астам қаржы қайтарылған.
Олжас Бектеновтің сөзінше, қазір агенттік бизнеске заңсыз араласудан қорғау механизмін жасап жатыр. Арнайы іс-әрекеттер алгоритміне сәйкес кәсіпкерлерге қатысты кез келген тергеу шаралары орталық аппаратпен мақұлдануы керек.
Сонымен қатар "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз бизнеске араласу деректері бойынша жедел әрекет ететін жұмыс тобы құрылған.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"