"Жиіркенішті": Денесін жалаңаштап суретке түскен Нұрболат Абдуллин сынның астында қалды
Денесін жалаңаштап суретке түскен Нұрболат Абдуллин сынның астында қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарарат агенттігі.
Бұл суретті әншінің өзі әлеуметтік желісіндегі парақшасына бөліскен. Демалыс кезінде Қапшағайда суға түсіп жүріп, жалаңаш денесімен суретке де түсуді ұмытпаған әншіні жұрт сынап тастады. Олар өнер иесінің бұл қылығын әдепсіздік деп түсінген.
"Әдепті бала денесін көрсетпейді, есіңде болсын", "Шошып кеттім", "Өз қадіріңді өзің кетіріп жатырсың", "Өзін бір керемет санайды", "Денеңізді көрсетуге асықтыңыз ғой. Сіздің жарыңыз бар, сіз сол жарыңызға ғана арналғансыз", "Жұлдыз ауруымен ауыра бастапты", - десті жұрт.
Нұрболат Абдуллиннің бұл қылығын түсінбеген жұрт оны денеңді көрсетіп, мақтандың деп сөккен. Тіпті кейбірі әншіні жұлдыз ауруына шалдыққан, мақтаншақ деп сынның астына алды. Осылайша, демалыстағы суретін жүктеймін деп Нұрболат Абдуллиннің басы бәлеге қалған.
"Баяғыдай жаттығуды қойғансың ғой деймін. Салбырап кетіпсің бауырым", "Қартайғанда, қатайып түскен сурет", "Барлық адамдарға денеңді жарнамалаудың не қажеті бар", "Жиіркенішті", - деп пікір қалдырды жұрт.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
