Президент Айбек Дәдебайға алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін Президент Әкімшілігінің басшысы қызметін атқарып келген Айбек Дәдебайдың жұмысына жоғары баға беріп, зор ризашылығын білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақпаратты Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров жария етті.
“Таяу уақытта елімізде ауқымды саяси науқан өтетіні белгілі. Осындай сындарлы сәтте Айбек Арқабайұлы Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасы бойынша қоғамдық-саяси жұмыспен айналысады”, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, 5 мамырда Президент Жарлығымен Айбек Дәдебай басқа жұмысқа ауысуына байланысты Президент Әкімшілігінің басшысы қызметінен босатылған еді. Ал оның орнына Президент Әкімшілігінің басшысы болып Роман Скляр тағайындалды. Бұған дейін ол Премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметін атқарған.
"Даму мен экологияны бір-біріне қарсы қоюға болмайды": Алматылықтарға болашақ Superski курортының маңызы түсіндірілді
Алматыда "Көкжайлау шатқалында Almaty Superski тау курортын салу" бойынша қоғамдық тыңдаулар өтіп жатыр
"Макияж жасаса, күйеулері де ажырата алмайды": Егіз ағайындыға тұрмысқа шыққан егіз қыздар өмірлері туралы айтты
Екі отбасы “біздің өміріміз басқаларға қызық көрінуі мүмкін, бірақ біз үшін бұл қалыпты жағдай” дейді
Оқыңыз