Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өміріне қауіп төніп тұр": Заңгер алты ай комада жатқан сарбаздың анасын ауруханаға кіргізуге тыйым салғанын мәлімдеді

Алты ай комада жатқан сарбаз Ербаян Мұхтарға ешкімді кіргізбесін деген тапсырма берілген. Мұны қоғам белсендісі әрі заңгер Инга Иманбай мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Inga Imanbay Facebook-парақшасы

Инга Иманбайдың айтуынша, Ербаян Мұхтардың анасы ауруханадағы баласына кіре алмай жүр.

“Комада жатқан сарбаз Ербаян Мұхтардың анасын ауруханаға кіргізбей, баласын көрсетпей жатыр. Оның үстіне емхана басшылығы анасына, ағасына шағымданып, полиция шақырған. Ұлы өмір мен өлімнің арасында жатқан, әділдік іздеген анаға сонша қиянат көрсететіндей не болды? Басты сұрақ – оған ұлын неге көрсетпей жатыр?”, – деді Инга Иманбай.



Сөзінше, жігіттің өміріне қауіп төніп тұр. Қағазда “ешкімді кіргізбесін” деген жазу тұр екен.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында әскери бөлімде жарақат алып, алты ай бойы комада жатқан сарбаздың анасы әділдік талап еткені туралы жазған едік. Содан кейін бас әскери прокуратура Ербаян Мұхтардың ісіне қатысты мәлімдеме жасады.

Талқылау