БАҚ: "Жібек жолы" кемесі Түркияда ұсталды, бірақ нақты шешім жоқ
Түркия кеденінің өкілі украиналық бидайды тасымалдаған "Жібек жолы" кемесінің ұсталғанын растаған. Бұл туралы нақты шешім қабылданбаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

"Кеме осында, бірақ нақты әрі айқын шешім қабылданған жоқ. Сұраныс болды, тергеу жүріп жатыр. Әзірге тек осыны ғана айта аламын", – деген кеден өкілі.
Кеменің ұсталғаны туралы Түркиядағы Украина елшісі Василий Боднар да мәлімдеген. Айтуынша, кемеге қатысты шешім дүйсенбі күні өтетін отырыста қабылданады. Қазір кеме айлаққа кірер жерде тұр.
Айта кетейік, бұған дейін "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ "Жібек жолы" кемесінің Украинадан астық шығарып жатқанына қатысты ақпаратқа пікір білдірген еді.
Ата-анамызды асырауға біз міндеттіміз бе?: Бұл сұрақ қазақстандықтардың пікірін екіге бөлді
Желі қолданушысы: “Міндетті емес, бала “мені өмірге әкел” деп ешкімнен өтінген жоқ”
"Біреуді суға батырып жіберсе не болады": Қазақстандықтар мектептерде жүзу сабағының енгізілуіне алаңдаушылық білдірді
Бюджетте бұл мақсатқа қаржы қарастырылмаған және инфрақұрылымның дайындық деңгейі де бағаланбаған