Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұрмыста жанжал шығарғаны үшін алып кеткен: Жезқазғандық полиция көлігінде қаза тапты

Жезқазғанда ер адам медициналық тексеруге бара жатқан жолда полиция көлігінде көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

14 мамырда Жезқазғанда полиция көлігінде ер адамның қаза тапқаны туралы ақпарат келіп түсті. Ұлытау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді. Олар қала тұрғыны күйеуінің мас күйінде тұрмыстық жанжал шығарғаны үшін полицияға хабарласқанын айтты. 

“Оқиға орнына барған учаскелік полиция инспекторлары ер адамды көлікпен медициналық мекемеге жеткізу кезінде оның жағдайы күрт нашарлап кеткенін анықтады. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сай, ер адамның өліміне алкогольдік кардиомиопатия салдарынан болған жүрек жеткіліксіздігі себеп болды”, – деп түсіндірді полиция бөліміндегілер.



Полиция департаментіне қарасты ішкі қауіпсіздік басқармасы қызметтік тексеру жүргізіп, нәтижесінде полиция қызметкерлерінің әрекетінен заң бұзушылықтар анықталмағанын атап өтті.

Бұған дейін редакция жолын бөгеп тұрған полиция көлігін соққан мас көлікті ұрлаушы туралы айтқан еді.

Еске салайық, бұған дейін Қонаевта оқу-жаттығу кезінде граната жарылған. Оқиға салдарынан екі полиция қызметкері жарақат алғанын жазған едік.

Талқылау