Көкшетауда екі жігітті ұрып-соқты деп айыпталған "Арлан" арнайы жасағының полицейлері жұмыстан шығарылды
Ақмола облысының департаменті екі жігітті соққыға жықты деп айыпталған "Арлан" арнайы жасағының төрт қызметкері ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ІІМ
Көкшетаулық тұрғын бауырларын полиция қызметкерлері қорлап, ұрып-соққанын мәлімдеген еді.
"17 және 18 жастағы екі жігітті ұрып-соғуға байланысты төрт қызметкер күдікті ретінде танылды. Олар қазірдің өзінде ішкі істер органдарынан босатылып, жетекшілері қатаң тәртіптік жазаға тартылды", – деді полициядағылар.
Қылмыстық істің тергеу барысы Ақмола облысы ІІД бастығының жеке бақылауында.
Бұған дейін Айгүл Әубәкірова есімді желі қолданушысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеоүндеу жолдаған еді. Бойжеткен бауырларына "Арлан" арнайы жасағының қызметкерлері себепсіз шабуыл жасағанын айтқан.
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған
Қаскелеңде автобус қағып кеткен студенттің ісі жабылып қалған: Анасы қызының ауыр жарақат алғанын айтады
СДУ алдында автобус қызды қағып кеткен, алайда полиция істі көп ұзамай жауып тастаған