Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетаулық тұрғын бауырларын элиталы полиция бөлімінің қызметкерлері көлікке күштеп отырғызып, ұрып-соққанын мәлімдеді (видео)

Көкшетау тұрғыны Айгүл Әубәкірова інілері – 18 жастағы Нұрәлі мен 17 жастағы Нұржанға полицейлер шабуыл жасап, соққыға жыққанын айтып, видеоүндеу жолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бойжеткеннің айтуынша, інілеріне тапа-тал түсте жолда кезекшілікте жүрген элиталық "Арлан" полиция бөлімінің қызметкерлері шабуыл жасаған.

"Іскерлік сапардан қайтып келе жатып, олар Көкшетауға бара жатқан жолда төтенше жағдай туғызды. Содан кейін олар еш себепсіз тоқтатты. Тоқтаған соң полиция қызметкерлері денелеріне зиян келтіре бастады. Оларды өз еркінен тыс қызметтік көлікке отырғызды. Содан кейін орманға апарып, ұрып-соғып, өлтіремін деп қорқытты, қорлады", – деді ол.

Айгүлдің айтуынша, бауырлары қазір ауруханада жатыр. Сүйектері сынып, миы шайқалған, денелерінде сызат пен көгерулер пайда болған. 

Жәбірленушілердің әпкесі "Арлан" бөлімшесінің қызметкерлеріне қатысты тергеу дұрыс жүргізілмей жатқанына наразы. Тек екі қызметкерге қатысты қылмыстық іс қозғалды, дегенмен онда бес адам болған көрінеді. Ақмола облыстық полиция департаменті қызметкерлерді жұмыстан шығардық деп мәлімдеген.

Ақмола облысының полиция департаменті қала тұрғынының видеоүндеуіне қатысты пікір білдірді.

"Полиция қызметкерлері мен екі ағайынды арасындағы жанжалдан кейін қызметкерлерге қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілді. Тергеу мүдделері жария етілмейді. Тергеу барысы ішкі істер министрлігінің бақылауында", – деп хабарлады ведомство.

Талқылау