Жезқазғанда ер адам бизнестегі серіктесін атып өлтірді
22 тамызда Жезқазған қаласының полиция бөліміне екі қабатты үйдің пәтерінде кісі өлімі болғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы мәйіттің 54 жастағы қала тұрғынына тиесілі екенін анықтады.
Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында 60 жастағы қала тұрғынын ұстады.
Күдіктінің айтуынша, марқұм оның бизнестегі бұрынғы серіктесі болған. Кейін өзара бизнесті жауып, дүние-мүлікті бөліскен. Осының негізінде ер адамдар арасында бірнеше жылға созылған жанжал туындаған.
Күдікті гаражда аңшы мылтығын тазалап отырған кезде серіктесінің аулаға шыққанын көріп, оны атып тастаған.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Ішімді екі қолымен қатты басты": Қазақстандық әйел босану кезінде дәрігерлерді салғырттық танытты деп айыптады
Нәресте 21 күн реанимацияда жатып, бірнеше рет наркоз алған
"Қайда жұмыс істейсіз, қанша жалақы аласыз": Қазақстандық ата-аналар мектептердің жеке мәліметтерді сұрауына наразы
Мектептер өткізетін сауалнамалар легі ата-аналар тарапынан түрлі сауал туғызып жатқан көрінеді