Жезқазған қаласында мұнай базасында өрт шығып, төрт адам ауруханаға жатқызылды (видео)
Жезқазған қаласында орналасқан мұнай базаларының бірінің аумағында арнайы мақсаттағы 3 автокөлік өртке оранды. Өрт сөндіру қызметі келгенше газ-ауа қоспасы жарылып, ангардың қабырғалары қирады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға орнына төтеншеліктер бірнеше минут ішінде жетті. Оқиға орнында орналасқан жедел штаб іргелес жанармай цистернасын салқындату арқылы қорғау үшін бригадалардың бірін жіберді.
Оқиға орнында тұрған гидранттарға автоцистерналар орналастырылып, 100 шаршы метр алаңда өрт сөндірілді.
Өрт салдарынан мұнай базасының 4 қызметкері ауруханаға жатқызылды.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Солтүстік Қазақстанда үй өртеніп жалғызбасты әке мен 4 баласы мерт болғаны туралы жазған едік. Деректерге сүйенсек, бес баланың анасы бірнеше жыл бұрын қайтыс болған.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"