СҚО-да үйден өрт шығып жалғызбасты әке мен төрт баласы мерт болды
Солтүстік Қазақстанда үй өртеніп жалғызбасты әке мен оның балалары мерт болды. Деректерге сүйенсек, бес баланың анасы бірнеше жыл бұрын қайтыс болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ТЖМ
Қайғылы оқиға 23 қаңтар күні таңертең Шал ақын ауданы Ступинка ауылында болған. Семиполка ауылдық округі әкімінің сөзінше, үйде ер адам мен оның бес баласы тұрған.
"Жұбайы 2018 жылы қайтыс болды. Әкелері балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отыр. Үйдегі ең кішкентай қыз бала 2-сынып оқиды", – деп хабарлады ауылдық округ әкімі.
Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз. ТЖД қызметкерлері өртті 01:22-де оқшаулап, тек бүгін 12:30-да ғана толық ауыздықтаған.
"Қызыл жалын 104 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт сөндіру барысында бес адамның мәйіті табылды, олардың үшеуі бала", – деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
ТЖМ әкесі мен төрт баласының өлімін растады.
"Күн көзіне шыға алмаймын": Қазақстандық альбинос жігіт өмірі туралы айтып берді
Сөзінше, ол көбіне тек кешке қарай далаға шығып серуендейді
Баланың ас мәзірі қандай болу керек? Маман ата-аналар жиі жіберетін қателіктерді атады
Өсіп келе жатқан ағза ақуызды, пайдалы майларды, көмірсуды, дәрумендер мен минералдарды тұрақты түрде алып отыруы керек