AAPL
165.35 $
-0.28 %
TSLA
864.51 $
-6.63 %
NDAQ
182.07 $
-0.39 %
GOOGL
117.47 $
-0.61 %
FRHC
56.91 $
-0.32 %
AAPL
165.35 $
-0.28 %
TSLA
864.51 $
-6.63 %
NDAQ
182.07 $
-0.39 %
GOOGL
117.47 $
-0.61 %
FRHC
56.91 $
-0.32 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жетісулық көп балалы ана ұлттық өнімдерді өндіріп, кәсібін дөңгелетіп отыр

Жеті баланың анасы Айзада Оспанбекова сүт өнімдерін өндіру арқылы өз кәсібін жүргізуде. Балаларын да бағып, кәсібін де дөңгелетіп отырған іскер әйелдің ісі қыз-келіншектерге үлгі-өнеге болуда десек қателеспейміз. Бүгінде ауыл-аймақты сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған Жетісу облысына қарасты Көктал ауылының тұрғыны Айзаданың ісімен Stan.kz тілшісі де танысып қайтқан еді.

Халықаралық туризм менеджері мамандығының иесі Айзада Төленгітқызы ауылда өз мамандығы бойынша жұмыс істеу мүмкін болмағандықтан, бие сауып, саумал сату ісін кәсіп қылған-ды. Кейін декреттік демалысқа шығып, кәсібі біраз тоқтаған-ды.

“Бұл іске белсенді кірісуіме, шынымды айтсам, балаларым себепші болды. Бірде балаларыма қолдың таза құртын алғым келіп, көп іздеп, таба алмадым. Сатып алған құрттарымның өзінде түрлі қоспа бар екені байқалды. Одан кейін неге қолдан жасап бермеске деген ойға келдім. Осылайша өңірде табиғи құртқа деген сұраныстың бар екеніне көз жеткіздім. Сөйтіп осы істі кәсіп ретінде қолға алу керек деген шешімге келдім”, – дейді Айзада Оспанбекова.

Өзінің ойындағы ұлттық өнімдерді өндіру бағытындағы жобасын жүзеге асыру үшін “Бастау Бизнес” курсын оқуды қолға алған оның ұтымды ұсынысы “Атамекен”  кәсіпкерлер палатасының жергілікті бөлімшесінен қолдау тауыпты. 21 күндік дәріс барысында кәсіби білікті мамандардан кеңес алып, істі жүргізудің тетіктерімен толығырақ танысуға мүмкіндік алады.

“Бастау Бизнес” – маған кәсіпті қалай бастау, жүргізу керектігін үйретті. Сондай-ақ өзің дайындаған тауардың жарнамасын қалай жасау қажеттігі де егжей-тегжейлі түсіндірілді. Кіріс-шығысты қалай есептеуді білгеннен кейін, өз ісімді жүргізуге деген сенімділік пайда болды. Мен сияқты қаншама жанға өз кәсібін жүргізуге жол ашып, үлкен қолдау білдірген “Еңбек” бағдарламасына айтар алғысым шексіз”, – дейді көп балалы ана.

Бүгінде Айзада Төленгітқызы өз ауылында орналасқан “Көктал-Агро” ЖШС-дан күніне 300 литр сүт алып, оның өңдеу арқылы құрт, сарымай, кілегей, қатық шығарып отыр. Сонымен қатар бие сауып, саумал сатып, бұрынғы кәсібін қайта жандандыра түскен.

“Менің ұсынысым инновациялық жоба ретінде танылып, 5 млн теңгенің грантын иелендім. Бұл қаржыға бір сағатта 100 литр сүтті өңдеуге қауқарлы екі бірдей сепаратор сатып алдым. Өйткені сүт тез бұзылатындықтан, оны игеріп үлгеру маңызды. Сонымен қатар құрт кептіруге арналған электрлі құрылғылар мен сүт таситын ыдыстар алдым”, –  дейді қазіргі таңда үш адамды жұмыспен қамтып отырған іскер әйел.

Айдаза Оспанбекованың ісін одан әрі ілгерілету үшін Ресейден сатып аламын деп жоспарлаған сүтті өңдеуге арналған автоматтандырылған аппараттың бағасы бүгінде екі есеге дейін қымбаттап кетіпті. Сондықтан әзірге оған қол жеткізу мүмкін болмай отыр екен. Кәсіпкер жұмыс барысында кезіккен басты қиындықтың бірі осы дейді.

Аталмыш құрылғының ерекшелігі сол автоматты жүйемен жұмыс істейтіндіктен сүтті залалсыздандыра отырып, пісіріп, ұйытып, өңдеуге қатысты жұмыстың бәрін өзі атқара береді екен. Кәсіпті алға жылжыту үшін әлі де ізденіс үстінде жүрген кәсіпкер бизнестренерлерінің көмегімен тиісті құрал-жабдықтарды толықтыру бағытында зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатқандығын тілге тиек етті.

“Алдағы басты мақсатым – өзім шығарып жатқан өнімдерге сертификат алу болып тұр. Қазір осы бағытта жұмыс жүргізіп жатырмын. Тауардың сертификаты болғанда ғана 1 тоннаға дейін сүт алуға мүмкіндік бар. Сонымен қатар өнімдерімді ірі сауда орталықтарында сатуға да жол ашылмақ. Бастысы ұлттық табиғи өнімге деген халықтың сұранысы жоғары ықыласы да алабөтен. Бұл кәсіптің өрісін кеңейтуге деген қажеттілік бар”, – дейді кейіпкеріміз.

Атаулы грантты жеңіп алғаннан кейін алатын қаржыңның он пайызын аудару міндеттелген екен. Бірақ көп балалы ана ретінде Айзадаға жеңілдік жасалып, бұл талапты орындау тапсырылмапты. Мемлекеттің осындай зор қолдауын көргеніне дән разы екендігін жеткізді кәсіпкер.

Күнделікті күйбең тіршіліктің жетегінде кетпей, кәсіпкерлік негіздерін оқып, оң бағыт алып өзі сынды бірқатар нәзікжандыларды жұмыспен қамтып отырған кейіпкеріміздің кәсіп бастағысы келгендерге айтар кеңесі де жоқ емес.

“Осы орайда өзінің ісін бастауға ниетті жандарға, бастысы көп күдікке бой алдырмау керектігін айтқым келеді. Ең бастысы, Аллаға тәуекел етіп, өз-өздеріңізге сенімді болыңыздар. Егер идеяларыңыз тың, көңілге қонымды болса, онда жүзеге асуы әбден мүмкін. Кейбір кісілер келіп маған “қалай алдыңыз?”, “кімге қанша бердіңіз?» деген сияқты қолайсыздау сұрақтар қойып жатады. Бұл тұрғыда біреуге бірнәрсе беру деген ойдан аулақ болыңыздар. Жаңа идеясы бар адамға “Жаңа Қазақстанда” қашанда жол ашық!” – дейді Айзада Төленгітқызы.

Сұхбаттасқан: Гүлмира Садық

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр