Жетісу облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы ұсталды
Жетісу облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Бауыржан Ізбасаров ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов ақпаратты растады.
"Оның сыбайлас жемқорлыққа қатысы барын растаймыз. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жариялауға жатпайды", – деді ол.
Сонымен қатар ол біраздан соң толық ақпараттың жарияланатынын айтты.
Естеріңізге сала кетейік, Бауыржан Ізбасаров 2022 жылдың тамыз айында Жетісу облысы төтенше жағдайлар департаменті басшысы қызметіне тағайындалған болатын.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады