Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жетісу облысында жаяу жүргінші мен жүргізуші төбелес шығарды: Қаза тапқандар бар

Жетісу облысында жаяу жүргінші мен көлік жүргізушісінің төбелесі өліммен аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеодан алынған

Оқиға видеоға түсіп қалған. Видеодан көліктің төмен жылдамдықпен жерде отырған адамды қалай қағып кеткенін көруге болады. Осыдан соң, жүзгізуші мен жаяу жүргіншінің арасында жанжал шығып, көлік жүргізушісі қарсыласын ұрып құлатқан.

Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 29 қазанда Үшаралда болған.

"Бетінен соққы алған 40 жастағы ер адам ауруханаға жатқызылып, келесі күні жансақтау бөлімінде қайтыс болды, күдікті ретінде 35 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", – делінген хабарламада. 

Тергеу қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігі "Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша жүргізілуде. Бұл бапта 8 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Талқылау