Жетісу облысында жантүрішгерлік жол апатынан екі адам қаза тауып, бесеуі зардап шекті
Қайғылы оқиға Сарыөзек-Жаркент тас жолының 323 шақырымында болған. Mercedes Benz және Mazda Cronos маркалы автокөліктері бетпе-бет соқтығысқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алдын ала болжам бойынша, көліктердің бірін кәмелетке толмаған жігіт басқарғаны анықталды.
Автокөліктер соқтығысқан кезде екі адам қайтыс болды. Сондай-ақ оқиға орнынан жергілікті ауруханаға бесеуі жеткізілді.
Полиция көлік жүргізушілерінен ҚР Жол жүрісі ережелерін қатаң сақтауды талап етеді.

"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар