Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жетісу облысында алаяқтық жасаған прокурор айыппұлмен құтылып кетті

Жетісу облысында экс-прокурор алаяқтық жасағаны үшін сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: fotolia.com 

Талдықорған қалалық сотында қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып, алаяқтық жасады деп айыпталған А-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Соттың мәліметінше, 2024 жылдың 8 маусымында Талдықорған қаласында, облыстық прокуратураның лауазымды тұлғасы А өзінің қызметтік бабын пайдаланып алдау арқылы бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатында қылмыстық әрекет жасаған. Прокуратура қызметкері А өзінің танысы К-ға қылмыстық істі онды шешуге көмектесуге уәде беріп, оның 1.9 млн теңгеден астам қаражатын алаяқтық жолмен иемденген.


"Қоршаған ортаны қорғайтын прокурор айналаны бүлдіріп жүр": Желіде көшеде мас күйде жүрген қазақстандық шенеуніктің видеосы таралды


Экс-прокурордың заңсыз әрекеттері прокуратураның ішкі қауіпсіздік бөлімі мен ұлттық қауіпсіздік органдарының бірлескен іс-шараларының нәтижесінде анықталды.

Мемлекеттік айыптаушы күдіктіні кінәлі деп танып, "кіші әділет кеңесшісі" сыныптық шенінен, өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырып, айыппұл түріндегі жаза тағайындауды сұрады.

Жәбірленуші сотталушыны кешіріп, оны бас бостандығынан айырмауды сұрады. Сотталушы өз кінәсін толықтай мойындап, шын жүректен өкініп, келтірілген зиянды толық өтеген.

“Сотталушының кінәсі дәлелденіп, қылмыстық іс қысқартылған тәртіпте қаралды, сотталушы өз кінәсін толық мойындап, іс бойынша жиналған дәлелдемелерді дауламады. Сот А-ны кінәлі деп танып, оған мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығын өмір бойына айыра отырып, ұрланған мүліктің он еселенген мөлшері, 19 463 180 теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды”, – делінген сот хабарламада. 

Сот шешімі заңды күшіне еңген жоқ.

Еске салсақ, бұған дейін Оралда шенеунік үш бөлмелі заңсыз алынған пәтерін мемлекетке қайтарғаны туралы жазған едік. 

Талқылау