Жетісу облысында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі әріптесінің көлігін ұрлап кеткен
Жетісу облысында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі тұрақта тұрған көлікті ұрлады деген күдікке ілінді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Полиция мәліметінше көлік иесі мектеп мұғалімі екен. Ол көлігін тұраққа қойып, кілтін ішіне қалдырып кеткен.
"Іздеу шараларының нәтижесінде патрульдік полицейлер ұрланған көлікті қала сыртындағы үйден тауып, заңды иесіне қайтарды. Күдікті де жәбірленуші секілді білім беру ұйымының қызметкері, жергілікті мектептердің бірінде дене шынықтыру пәнінен сабақ береді", – делінген хабарламада.
Қазір Қылмыстық кодекстің 200-бабы "Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу" бойынша тергеу жүріп жатыр.
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар
"68 мың теңге келді": Қазақстандықтар коммуналдық қызмет бағасының күрт өсуіне шағымданды
Тұрғындар төлемнің ай сайын өсіп отырғанына күдікпен қарап отыр