Жетісу облысында алты жасар бала трактор тіркемесінің астына түсіп, мерт болды
Жетісу облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласында кешке 50 жастағы ер адам үйге шөп әкелген кезде трактор тіркемесі алты жасар баланы басып қалып, мерт болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Үлкендер шөп бумаларын түсіріп жатқанда, аулада ойнап жүрген алты жасар бала көлік тіркемесінің астына шығып кетіп, көлік қозғала бастағанда, баланы тіркеме дөңгелектері басып қалған.
"Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 104-бабының 1-бөлігі (абайсызда адам өліміне әкеп соғу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аталған фактілер бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады облыстық полиция қызметі.
Тәртіп сақшылары азаматтарға балаларына аса жауапкершілікпен, мұқият қарауды тағы да ескертеді. Әсіресе, балалар су айдындарының, жолдардың, темір жолдардың, қауіпті арнайы техника мен жүк көліктерінің жанында ойнаған кезде аса мән берген жөн.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"