Жетісу облысында 9-сынып оқушысының өліміне күдікті әкім қызметінде жүр
Жетісу облысында 9-сынып оқушысын көлігімен қағып мерт қылған әкім әлі қызметінде жүр. Оқиғадан соң оны ұстамаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
С
Бақтиярова Әлия Маратқызы 2018 жылдың 3 сәуірінен бастап Көксу ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған. Ол бұған дейін ешқандай заң бұзушылық жасамаған, бұрын сотталмаған.
Қазір қызметінде жүрген әкімге жол-көлік оқиғасы бойынша тексеру жұмыстары аяқталған соң, тиісті шара қолданылатыны жеткізілді.
“Полицейлер сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын хабарлады. Егер аудан әкімінің кінәсі дәлелденсе, ол бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін”, – деді Кербұлақ ауданының әкімдігі.
Еске салсақ, Жетісу облысында әкімнің 12 жасар баланы қағып кеткені туралы хабарлаған болатынбыз. Оқиға Биғаш ауылында болған. Тергеу мәліметінше, Hyundai Creta көлігін Көксу ауылдық округінің 39 жастағы әкімі басқарған.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар