Жетер енді: Айсәуле Бақытбек зорланған баланың ісіне немқұрайлы қарағандарды жазалауды талап етті

Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек зорланған 7 жасар баланың ісіне қатысты алаңдаушылық білдірді. Ол қоғамды дүр сілкіндірген істе немқұрайлылық танытқан полицей мен мектеп әкімшілігін айыптап, оларды қызметінен босатуды ұсынды. Сондай-ақ, балалардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілген елде бала туғысы келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Құрметті, Жұмабаев! Қорғауға, көмектесуге дайын болмасаңыз, полицияда жұмыс істеудің не қажеті бар? Бала зорлауға қатысты арызды қабылдамау үшін қандай озбыр адам болуы керек? Сараптама нәтижесіне қарамастан факт біреу: балаға мектепте қорлық көрсеткен, соққыға жыққан, соған қарамастан, учаскелік полицей мен директор орынбасары ешқандай көмек көрсетпеген. Тіпті, ол аз десеңіз, барлығын заңмен шешудің орнына мәселені өзіміз шешіп береміз деп уәде берген. Онда жалпы полицияның не қажеті бар?” – дейді Айсәуле.

Айсәуле селқостық танытып, тіпті істі жылы жауып қоюға тырысқан директор орынбасары мен учаскелік полицейді жұмыстан босатуды ұсынды.

“Алғашқы оқиғадан бері бір жылдай уақыт өткен, ал қылмысқа қатысы бар адамдар сол күйі бостандықта жүр және оларға ешкім назар аудармаған. Әлеуметтік желі болмаса, ешкім саусағын да қозғалтпас еді”, – дейді бойжеткен.

Алагөзованың қызы жауапты органдардың аталған жайтқа қатысты әртүрлі ақпарат таратып жатқанын айтып ашынды. Сондай-ақ, ол істің әділетті жүріп жатқанына күмән келтірді. Бұл орайда ортаға тәуелсіз сарапшыларды кірістіруді ұсынды.

“Мектеп директорының таныстары арқылы істі жылы жауып қоймақшы деген сыбыс тарады. Ал еріктілер тәуелсіз сарапшымен бірлесіп тәуелсіз сараптама жасауға құқылы ма? Халықты сенбейтіндей дәрежеге жеткізген екенсіздер ақыры. Оқиғадан хабары бар мектеп қызметкерлері мен учаскелік полицей туралы неге ақпарат жоқ? Жарайды зорланбаған күннің өзінде, соққыға жығылғаны үшін оны қорғамау керек пе? Мұндай адамдар біздің балалардың жанында қашанға дейін жұмыс істемек? Ал күдіктілер не дейді? Олардан жауап алынды ма? Балалардың барлығымен психолог жұмыс істеді ма?” – дейді Айсәуле.

“Менің бетімнің бояуынан жаңалық жасағанша, расында маңызды жаңалық туралы жазыңыздар. Бар жауапкершілікті алып, халық атынан сөйлейтін мемлекеттік қызметкер табылмаса, танымал жұлдыздар сөйлесін. Үндемей отырып, әбден шаршаттыңыздар. Мен балаларға дұрыс қамқорлық жасайтын елде бала тапқым келеді”, – деп түйіндеді сөзін желі белсендісі Айсәуле.

Жіберіп алмаңыз: 

Алматыда жетінші сынып оқушысы жоғалып кетті

Харекет” қайырымдылық қоры Аягөзде үйсіз қалған отбасыға баспана алып бермек (видео)

Депутат: Ұлттық банк банкротқа ұшыраған банктерді құтқарады да, суға батқан халықты сақтандыруға көмектеспейді

ОҚО-да зорланды делінген баланың ісіне қатысты шенеуніктер жұмыстан қуылды

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр