Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жетекші сейсмолог Түркияда ірі жер сілкінісі болуы мүмкін екенін ескертті

Ыстамбул қалалық әкімшілігінің жер сілкіністері жөніндегі ғалымдар кеңесінің мүшесі, елдің жетекші сейсмологы Наджи Герюр Түркияның шығысында 7,4 балдық жер сілкінісі болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы  Stan.kz ақпарат агенттігі Haber Global бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: gazetabalakovo.ru

Сейсмологтың сөзінше, Түнжелі провинциясы, атап айтқанда Пюлюмюр қаласына үлкен қауіп төніп тұр. 

"Сейсмикалық қауіп Ерзинжан мен Карлыова қалаларының арасынан өтетін Едісу жарылысынан туындайды. Сондай-ақ батыстан да қауіп төнуі мүмкін. Бұл аймақта жер асты дүмпулері шамамен 250 жыл сайын орын алады. Мұнда соңғы рет жер сілкінісі XVIII ғасырдың аяғында болған", - деді сейсмолог. 

Геологтың айтуынша, Түркияның шығысындағы халық жер сілкінісін бір жарым жылдай сезінеді. 

"Ыстамбұлда күшті жер асты дүмпулері болмайды. Бірақ еліміздің барлық қалаларындағы құрылыстардың сейсмикалық төзімділігін арттыру қажет", - деді сарапшы. 

Бұл маманның жойқын жер сілкінісі туралы алғашқы ескертуі емес. 

Айта кетейік, бұған дейін тағы бір сейсмолог Джелал Шенгер жер сілкінісі болған жағдайда Түркияның ең үлкен қаласына  қауіп төнуі мүмкін екенін ескерткен болатын. Маман табиғи апаттың 60-70 мың ғимаратқа әсер ететінін болжап отыр. Оның айтуынша, жолдардың көпшілігі бұзылып, апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізуде қиындықтар туындайды.

6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында 7,7 және 7,6 балдық күшті жер сілкінісі болған еді. Олардың эпицентрі миллионға жуық адам тұратын Газиантеп қаласына жақын жерде орналасқан. Жер асты дүмпулері соңғы 84 жылдағы ел рекордына айналды. Табиғи апат салдарынан ондаған мың адам зардап шекті.

Талқылау