Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сейсмолог Нажи Герюр түркиялықтарға жойқын жер сілкінісі болуы мүмкін екенін ескертті

Түркияның жетекші сейсмологы Нажи Герюр жерлестеріне жойқын жер сілкінісі болуы мүмкін екенін ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Hürriyet басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оның айтуынша, Ыстамбұлдағы жер сілкінісі кезінде 14 бөгеттің жартысына қауіп төнуі мүмкін. Сондықтан Ыстамбұл үшін арнайы заң қабылдануы керек. Муниципалитеттердің, орталық үкіметтің және халықтың бірлесуімен жер сілкінісіне дайындық жұмыстары жүргізілуі тиіс. 

Бұған дейін тағы бір сейсмолог Джелал Шенгер жер сілкінісі болған жағдайда Түркияның ең үлкен қаласына  өауіп төнуі мүмкін екенін ескерткен болатын. Маман табиғи апаттың 60-70 мың ғимаратқа әсер ететінін болжап отыр. Оның айтуынша, жолдардың көпшілігі бұзылып, апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізуде қиындықтар туындайды.

6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында 7,7 және 7,6 балдық күшті жер сілкінісі болған еді. Олардың эпицентрі миллионға жуық адам тұратын Газиантеп қаласына жақын жерде орналасқан. Жер асты дүмпулері соңғы 84 жылдағы ел рекордына айналды. Табиғи апат салдарынан ондаған мың адам зардап шекті.

Талқылау