Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЖЭС пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы мүшкіл ахуал – көп жылғы салғырттықтың салдары - Тоқаев

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жылу электр орталықтарын­дағы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы мүшкіл ахуал – көп жылғы салғырттықтың салдары екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Егемен Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Осы саладағы түйткілдер бір күнде аяқ астынан пайда болмағанына тоқталған мемлекет басшысы оның бәрі жылдар бойы қордаланған мәселелер екеніне назар аударады. 

“Өңірлердегі жылу орталықтары мен басқа да құрал-жабдықтардың 80 пайызы әбден тозған. Өткен жылдарда коммуналдық шаруашылыққа салынған инвестиция бұл саланың қажетін өтеуге жеткіліксіз болды”, – дейді президент.

Тоқаев электр энергетикасы нысандарында болып жататын кішігірім оқиға­ларды дардай қылып көрсетіп, жылу­мен қамтамасыз ету ісіндегі бол­машы олқылықты "қасіретке айналдыруға" ұмтылатын әлеуметтік желідегі белсенділер отқа май құйып, елді дүрбелеңге салып жүргенін баса айтады.



“Бүкіл Қазақстандағы инженерлік инфрақұрылымды толық жаңғырту – өте ауқымды әрі күрделі міндет. Бұл мәселе біртіндеп шешіліп жатыр. Көктем-жаз айларында Үкімет пен әкім­­діктер жылу маусымына дайын болу үшін біраз жұмыс жасады. Жағ­дайы сын көтермейтін бірқатар нысанды жөндеді”, – дейді ол.

Мемлекет басшысының айтуынша, ең алдымен, күрделі апаттардың алдын алып, үйлерге жылудың үздіксіз берілуін қамтамасыз ету керек.

“Бірақ жаңа қуат көздерін ашу, желілерді біртіндеп жаңарту және коммуналдық саланы түгел жаңғырту басты міндет екенін ұмытпаған жөн. Қазір жылу желілері әрең жұмыс істеп тұр. Үкімет пен әкімдіктер батыл қимылдап, қажетті шараларды дереу қолға алуы керек. Онсыз болмайды”, – дейді Тоқаев.

Талқылау