Жергілікті тұрғын сот ғимаратын жарып жіберді
Тұрғындардың бірі сот ғимаратына жарылғыш затпен кіріп, іске қосты. Салдарынан 7 адам ауруханаға түскен деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Фото: RTCG
Оқиға Черногорияның бас қаласында болды. Сағат 11:35 шамасында сот ғимаратында жарылыс тіркелген. RTCG ақпарат агенттігінің дерегіне сүйенсек, 40 жастағы қала тұрғыны ғимаратқа жарылғыш зат алып кірген.
“Ғимаратта халық қарасы көп болды. Жарылыстан кейін қызметкерлер ондағы жұртты дереу эвакуациялауға тырысты. 10 минут ішінде оқиға орнына полиция келді”, - делінген ақпаратта.
Жарылыс салдарынан бомба алып кірген азамат оқиға орнында көз жұмды. Тағы 7 адам атүрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта бұл іс бойынша полиция тергеу жұмыстарын жүргізуде.
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек
Жарақат алған жұмысшының құқығын қорғаудың қандай жолдары бар екенін заңгер айтты
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан