"Жерге жата кетті": UFC Дамир Ысмағұловтың жеңісін қалай атап өткенін көрсетті (видео)
UFC Дамир Ысмағұловтың жеңісін қалай ерекше атап өткенін көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ресейден шыққан қазақстандық спортшы Дамир Ысмағұлов бразилиялық Тиаго Мойзесті жеңгеннен кейін бұл қуанышын ерекше атап өтті. Қытайдың Шэньчжэн қаласында өткен жекпе-жек небәрі 3 раундқа созылды. Төрешілер бірауыздан жеңісті қазақстандыққа берді.
«Өзінің жеңісін осылай «отжиманиемен» атап өтетін адамды көрдіңіздер ме?» - деп жазды UFC Instagram желісіндегі ресми парақшасында.
28 жастағы Ысмағұлов осы күнге дейін кәсіби карьерасында 20 жекпе-жек өткізіп, оның біреуінде ғана жеңілген. Ал 24 жастағы Мойзес кәсіби карьерасында 16 жекпе-жек өткізген. Енді оның қоржынында 12 жеңіс пен 4 жеңіліс бар.
Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Дамир Ысмағұловтың бразилиялық қарсыласын жеңгені туралы хабарлаған едік.
2025 жылы болған басты саяси оқиғаларға шолу: Қазақстанда не өзгерді
Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына тоқталдық
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
“Намыс” және “Батыр Шапағаты” төсбелгілерінің эскиздерін әзірлеген Бақытбек Смағұл төсбелгілерді алаяқтар сатып жүр дейді