AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде тұрғындарға үй салуға арналған жерді қоқыс үйілген аймақтан берген

Ақтөбе іргесіндегі жаңа ауданнан жер алған тұрғындар үй салмақ болғанда оқыс жағдайға тап болды. Сөздерінше, өздерін тиесілі жер телімдері бәрі қоқыстың астында қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Astana арнасына сілтеме жасап. 

қоқыс

Үлкен аумаққа жайылған қоқыс полигонын өз күшімізбен жинай алмаймыз деген тұрғындар жергілікті биліктен көмек сұрап отыр.

"Бұл жердің қоқысы 1 жыл, 2 жылдың емес, 5-6 жылдың көлемінде төгілген, жылда төгіліп келе жатқан нәрсе. Біздің талабымыз – жерді тазалап берсе, енді мына қоқыс арасына үй салу мүмкін емес", – дейдіжергілікті тұрғын Базарбай Бекжігітов.

Бұл жерге қоқысты кім әкеліп тастап жатқанын тұрғындар білмейді. Бірақ бірнеше рет құрылыс қалдықтарын төккен "КамАЗ" жүк көлігін көрген.

Дәл жанында қоқыс үйіліп жатса да, көптен күткен жер теліміне үйдің іргетасын құйып, құрылысты бастап кеткен жандар бар. Ал кейбірі тұрмыстық қалдықтар арасынан қағылған қазықты таба алмай әлек.

"Мына қағылған қазық менің жер телімім, жер көлемі маған берілген. Барлық жерге қоқыс төгіп тастаған. Бұл мұның алдында болған жағдай. Үкімет жұртқа берілген жерді дұрыс тексермеген", – дейді тағы бір тұрғын Тимур Бекмұханов.

Рауан-2 ауданындағы мыңнан астам жер учаскесі осыдан 4-5 жыл бұрын берілген. Ол кезде қоқыс болған жоқ дейді қалалық әкімдіктегілер. Жапан далаға жайылған қоқысты жинау үшін тендер өткен айда ғана жарияланған.

"Келесі аптада, егер арыз-шағым болмаса, жеңімпаз мердігер мекеме анықталып, келісім-шарт жасалып, жұмыстар басталуы керек", – дейді Ақтөбе қаласы Алматы ауданы әкімінің орынбасары Бақұзақ Дарин.

Әкімдік өкілінің айтуынша, бұл ауданда осындай бейберекет жиналған 20-дан астам қоқыс үйіндісі бар. Оның бәрін жою үшін бюджеттен 95 миллион теңгеге жуық қаржы қарастырылып отыр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр