Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жер сілкінісінен кейін Алматыдан басқа өңірлерге қанша адам көшіп кетті

Ұлттық статистика бюросы 2024 жылдың алғашқы үш айында Алматыдан Қазақстанның басқа аймақтарына қанша адам көшкенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, бірінші тоқсанда Алматыдан басқа өңірлерге тұруға 20,9 мың адам кеткен. Өткен кезеңмен салыстырғанда шамамен 25%-ға (4,1 мың адамға) өсіп, бұл көрсеткіш кем дегенде 2018 жылдың басынан бері ең жоғары деңгейге жеткен. 

Алматыдан басқа аймақтарға кетіп жатқан адамдардың рекордтық санын табиғи апаттармен байланыстыруға болады. Дегенмен төрт тоқсан қатарынан жоғары көрсеткіштер байқалғанын ескеру қажет.

"Алматылықтар республика бойынша жаңа тұрғылықты жер ретінде көбіне Алматы облысын таңдаған (2,9 мың адам). Тіпті екінші орын алған Астананың өзі одан әлдеқайда артта қалды (2,9 мың адам). Бұл ретте Алматыға басқа өңірлерден тұрақты тұруға келгендер саны рекордтық көрсеткішке қол жеткізбесе де, айтарлықтай жоғары болып шықты – 30,1 мың адам", – делінген хабарламада.

Алматыға негізінен Алматы облысының тұрғындары (12,8 мың адам) көшіп келген. 

Талқылау