AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жеңімпаздарға бір жарым миллион теңге: "3.2.1. Старт!" жобасы өз мәресіне жетті

27 сәуірде "3.2.1. Старт!" атты жастар бастамаларын қолдауға арналған республикалық байқаудың VII-маусымы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"3.2.1. Старт!" жобасы – Coca-Cola Icecek Kazakhstan компаниясының (бұдан әрі – CCI Қазақстан) жеке бастамасы. Оның басты мақсаты – елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуға дайын белсенді жастар қоғамдастығын құру.

"3.2.1. Старт!" жобасы 2016 жылдан бері сәтті жүзеге асырылып келеді. Биылғы маусымда ұйымдастырушылар 300-ге жуық өтінім қабылдап, оларды өңдеп үлгерді. Бұл – абсолютті рекорд. Айта кету керек, биылғы маусымда жалпы грант сомасы 5 000 000 теңгені құрады. Оны конкурстық комиссия ең үздік идеялар авторлары арасында үлестіріп берді, атап айтқанда:

  •  Серіков Жансүгір – "Гидропондық әдіспен қияр өсіру" жобасы – 1 500 000.
  • Мұхтасипов Аян – "Аймақтарда қазақ тілінде заманауи биден онлайн курстар өткізу" жобасы – 1 500 000 теңге.
  • Түбекбаев Жанарыс – "Қаржылық сауаттылықты дамыту платформасы" жобасы – 1 000 000 теңге.
  • Аринова Сәния – "Қыздар мен әйелдерге арналған көп рет қолданылатын матадан жасалған экологиялық таза төсемелер шығару" жобасы – 1 000 000 теңге.

Байқауға қатысушылар қаржылық қолдауға қоса бірегей оқу бағдарламасынан өтеді. Онда өз саласында үлкен тәжірибесі бар маман болып табылатын жоба тәлімгерлері өздерінің практикалық ұсыныстарымен бөліседі. Ал үздік 10 идеяның авторларына бірегей Bootcamp оқыту бағдарламасына қатысу мүмкіндігі берілді.

Bootcamp – инновациялық қарқынды оқыту бағдарламасы. Оның арқасында жаңа дағдыларды айлап емес, бірнеше күнде үйренуге болады! Бағдарлама қатысушылары сабақтың алғашқы секундтарынан бастап оқу процесіне еніп, дивергентті түрде ойлауды үйренеді. Осы оқу бағдарламасы барысында алған білім мен дағдылары "3.2.1. Старт!" финалисттеріне өз идеялары мен жобаларын жүзеге асыру үшін ғана емес, одан әрі жекелей даму және кәсіби өсу үшін де өте пайдалы.

"Біз о бастан жастардың дамуына үлес қосуды мақсат етіп қойдық. Осы ниетпен біз жетекші сарапшыларды, тәлімгерлерді және жаттықтырушыларды тарта отырып, жастарға түрлі тренингтер мен шеберлік сабақтарын ұйымдастыра бастадық. Сол семинарларға қатысудың арқасында жастар өздерінің келешек дамуына пайдалы болатын әртүрлі дағдыларды меңгере алады. Дегенмен уақыт өте келе біз жобамыздың бұдан да көп нәтиже беруге қабілетті екенін көрдік те өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған үздік идеяға жыл сайын байқау өткізуді ұйғардық. Осылайша үздік идеялардың авторлары өз жобаларын жүзеге асыру үшін Компаниямыздан ақшалай грант алу үшін бәсекеге түсу мүмкіндігіне ие болады", – деді CCI Қазақстан компаниясының қоғаммен және үкіметпен байланыс жөніндегі директоры Алима Исембаева. 

Жалпылай алғанда жобаның ұйымдастырушылары 1800-ден астам колледж бен университет студенттеріне, сондай-ақ түрлі жастар ұйымдары мен қауымдастық өкілдері мен мүшелеріне пайдалы тренингтер өткізді. Осы жылдар ішінде жоба ұйымдастырушылары 1000-нан астам өтінім қабылдады, ал 60 жоба финалисттері Bootcamp оқыту бағдарламасына қатысу мүмкіндігіне ие болды. Соның арқасында олар өз жобалары мен идеяларын одан әрі дамыту үшін пайдалы да қажетті дағдыларды үйренді. 15 "3.2.1. Старт!" жеңімпазы өз идеяларын жүзеге асыру үшін қаржылық грант алды.

Айта кету керек, жобаның жетінші маусымы БҰҰ-ың Тұрақты даму мақсаттарымен (ТДМ) тікелей байланысты. Яғни, өз идеяларын әзірлеу кезінде қатысушыларға 17 Тұрақты даму мақсатының (ТДМ) 5-не қол жеткізуге қатысты мәселелерді ескеру керек болатын. 7-маусымның басты назары: "Сапалы білім" (№4), "Таза су және санитария" (№6), "Қолжетімді және таза энергия" (№7), "Жауапты тұтыну және өндіріс" (№12), "Климаттың өзгеруімен күрес" (№13).

"Ірі халықаралық компаниялардың өкілдері еліміздің әлеуметтік дамуына үлес қосуға дайын екендіктерін білдіріп жатқанына мен өте қуаныштымын. CCI Қазақстан компаниясы елдегі ең ірі және алғашқы шетелдік инвесторлардың бірі ретінде әртүрлі әлеуметтік-экономикалық жобаларды сәтті жүзеге асыруда, және, ең бастысы – ТДМ-ға қол жеткізуге белсенді үлес қосуда. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін мемлекет, қоғам және бизнес бірлесе жұмыс істегенде ғана мемлекет тепе-теңдікті сақтап, алтын үшбұрыш құруға қауқарлы. Сондықтан да бизнеске мұндай мүмкіндік беру керек деп ойлаймын", – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "3.2.1. Старт!" жобасының байқау комиссиясы төрағасы Елдос Абақанов. 

3.2.1. Старт!" жобасы – CCI Қазақстан компаниясының бастамасы – қазірдің өзінде елдің мәселелеріне бей-жай қарамайтын жастар үшін өз ұстанымын және осы мәселелерді шешудің жаңа тәсілдерін ұсынуға, сондай-ақ ұлттық мақсаттарға жетуге тікелей қатысудағы бірегей және қолжетімді мүмкіндікке айналды, деп санайды "Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы" менеджері Асыл Оқапова.

"2020 жылдан бастап біздің Коалициямыз уақыт сынынан өткен және жастар үшін ең жақсы бастау алаңдарының бірі ретінде танылған "3.2.1 Старт!" жобасының операторы болып келеді. Жобаның "түлектері" өз идеяларын сәтті жүзеге асырып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді үлес қосып жатқанын біз көріп отырмыз. Олардың көпшілігі қарқынды оқу бағдарламасынан өтіп, өз идеяларын қоғам игілігіне табысты жүзеге асыру үшін барлық қажетті дағдыларды меңгергендігінің арқасында түрлі байқауларда жеңіске жетіп, марапаттар мен қошеметке ие болуда", - деп түйіндеді Асыл Оқапова.

Coca-Cola Icecek Kazakhstan компаниясы "3.2.1. Старт!" жобасын Қазақстанның белсенді және қамқор жастары үшін одан әрі дамытып, кеңейтуді жоспарлап отыр. 

Айта кетсек, CCI Қазақстан Кока-Кола компаниясының газдалған және газдалмаған сусындарын Қазақстанда өндіреді және сатады. 1994 жылы Coca-Cola құю бизнесін бастаған компания 2008 жылы Coca-Cola İçecek қоластына өтті.

2 зауыты және 750-ден астам қызметкері бар CCI Қазақстан 19 миллион халыққа қызмет көрсетуде. Оның портфолиосында Coca-Cola, Coca-Cola Zero, Fanta, Sprite, Piko, BonAqua, FuseTea, Schweppes, Burn және Monster сияқты өнімдер бар.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр