Желтоқсанда қазақстандықтар қанша күн демалады
2022 жылдан бастап 1 желтоқсан – Тұңғыш президент күні мерекелер қатарынан алынып тасталды. Соған байланысты демалыс күндері де азаяды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тәуелсіздік күні 2022 жылдан бастап тек бір күн – 16 желтоқсанда ғана атап өтіледі. Осыған сәйкес Тәуелсіздік күніне орай қазақстандықтар:
- 5 күндік жұмыс аптасында 16, 17, 18 желтоқсанда;
- 6 күндік жұмыс аптасында 16 және 18 желтоқсанда демалады.
Желтоқсанда 5 күндік жұмыс аптасында барлығы 10 демалыс күні, ал 6 күндік жұмыс аптасында 5 демалыс күні бар.
Ал жыл (31 желтоқсан) сенбіге және жексенбіге (1 қаңтар) түсіп тұр.
"Scopus-қа мақала шығару үшін 1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық ғалымдар докторантурадағы талаптарға наразы
Ресми деректерге сүйенсек, қазір Қазақстан бойынша докторантурада 7 600-ден 9 500-ге дейін докторант білім алуда
"Денесінде бұған басшылық кінәлі деген жазуы бар": Түрмеден шығуына 20 күн қалған қазақстандық ер адам қаза тапты
Оны бостандыққа шығуына санаулы күндер қалған болатын