AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тарихта болмаған нәрсеге көмектесіп жатыр": Желтоқсаншы Сабира Мұхамеджанованы курстастары ақтап алмақ

Желтоқсан оқиғасы кезінде азаматтық көзқарасын білдірмек болғаны үшін жала жабылған 27 студент ақталды. Олар саяси қуғын-сүргін құрбаны ретінде танылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия арнасына сілтеме жасап. 

Мұндай анықтаманы Алматы қаласының прокуратурасы берген. 

Ақталғандардың бәрі сол кезде "СССР-дің 50 жылдығы" атындағы Өскемен педагогикалық училищесінде Желтоқсан қаһармандарының бірі, марқұм Сәбира Мұхамеджановамен бір топта оқығандар. 

Өрімдей қыздар 1986 жылдың 21 желтоқсанында  Өскеменнің орталық алаңына шығып, өздерінің талап-тілектерін жеткізбек болған. Бірақ қудалауға ұшырап, бәріне қатаң сөгіс жарияланған. Тіпті 8-і оқудан шығарылған болатын. 

Сол кезде небәрі 16 жаста болған Сәбира Мұхамеджанова оларды алаңға шығуға үгіттеген менмін деп, бар кінәні өз мойнына алыпты. Енді курстастары Сәбираның өзін ақтап алуды көздеп отыр. 

"27 қыздың документін алдым. Енді біздің прокуратура Бас прокуратурамен сөйлесіп, егер де оның артында ешкімі жоқ болса сіз протокол толтырып, 27 қызға қол қойғызып, Сәбираға құжат алуға болады деп тарихта болмаған нәрсеге көмектесіп жатыр", – дейді "Желтоқсан ақиқаты" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сайфолла Бейсенбай. 


"Желтоқсан көтерілісіне қатысушы": Депутат желтоқсаншыларға құқықтық мәртебе беруді ұсынды 


Сәбира Мұхамеджанова туралы фильмде оның 1970 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Ақмектеп ауылында дүниеге келгені айтылған. Ол 1984 жылы 8 жылдық мектепті "өте жақсы" деген бағамен  бітіріп, Өскемен педагогикалық училищесіне оқуға түседі. 1986 жылы Желтоқсан оқиғасы кезінде көшеге шыққаны үшін оған "ұлтшылдардың басын қосып, советтік қоғамға қарсы шығуды мақсат тұтты" деген жала жабылған. Небәрі 16 жастағы қыз мұндай жаланы көтере алмай жатақхананың бесінші қабатынан секіріп, көз жұмған болатын. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр