Желіде жасөспірімнің аяусыз соққыға жығылғаны түсірілген видео тарады (видео)
Желіде жасөспірімнің аяусыз соққыға жығылғаны түсірілген видео тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото видеодан алынған
Оқиға Сарыағаш ауданында болған. Полиция мәліметінше, видеодағы жасөспірімдердің жеке басы анықталып, барлығы полицияға жеткізілген, тергеу жүргізілуде.
Жанжалдың шығу себебі әзірге анықталмаған. Жәбірленуші анасымен ғана тұрады екен, ата-анасы ажырасқан. Күдіктілер де сол ауылдан, 7 және 9-сынып оқушылары екені анықталды.
“Жанжалға қатысушылардың ата-аналары балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады. Ал оқу орындары басшылығы мен ұстаздардың жауапкершілігі әкімдік жанындағы арнайы комиссия отырысында қаралады”, – делінген хабарламада.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады