Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде салық төлеуді "ұмытып кеткен" әкімдердің тізімі пайда болды

Желіде жер мен мүлік салықтарын уақытылы төлемеген әкімдердің тізімі пайда болды. Қаржы министрлігінде аталған жағдайға түсініктеме берілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев және Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мемлекетке қарыз екендігі туралы ақпарат PROTENGE Telegram-каналында жарияланды.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Түркістан облысында Өмірзақ Шөкеевтің қарызы жоқ екенін және бұл сайттың техникалық қателігі болуы мүмкін екенін хабарлады.

Жамбыл облысында Бердібек Сапарбаевтың салығы төлегені хабарланды.

Қазақстанның қаржы министрлігі жағдайға түсініктеме берді. Олардың мәліметтері бойынша, әкімдер салықты тиісті мерзімнің соңғы күнінде  төлеген.

"Техникалық қате болған жоқ. Олар кеше төледі, жеке шоттарына ақша түсті. 2019 жылға мүлік салығын төлеу мерзімі - 1.10.2020 жылға дейін", - деп хабарлады министрлікте.

Талқылау