AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде Роза Рымбаевамен түскен даулы селфи жарияланды

Роза Рымбаева итеріп жіберген жігіт әншімен селфи жасап үлгерген. Желіде даулы сәттің фотосы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Роза Қуанышқызы наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған концерттердің бірінде өзімен суретке түскісі келген фанатын итеріп жіберген. Аталған сәттің видеосы Instagram-да тарады. Көпшілік жас баланың кеудесінен қаққан Халық әртісін сынға алды. Кейбірі сахнаға рұқсатсыз атып шыққан жігіттің әрекетін бейәдепсіздік деп бағалап, Рымбаеваны жақтады. 

Ал бұл аралықта желіде Рымбаевамен түскен селфи жарияланды. Халық әртісі қарсылық білдірсе де, жас жігіт онымен суретке түсіп үлгерген. Көпшілік фотоны қызу талқыға салды. 



"Түсіп үлгеріпті ғой, жап жас балаға сонша сөйлегені несі?", "Бүйтіп түскен селфиі құрысын", "Енді Розамен ешкім суретке түспейді халықтың махаббатын сезінбес", "Сахнада өлең айтып тұрған адамға несі бар жүгіріп? Әр нәрсенің орны бар ғой. Өлеңін бітірген соң түссін. Этикет болу керек", "Бала байғұс түскеніне өкініп қалды ғой", - деп пікір білдірді желі қолданушылары.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр