Желіде Қызылорда қаласындағы тәртіпсіздіктердің жаңа видеосы тарады
Әлеуметтік желіде қаңтардың басында Қызылордада болған тәртіпсіздіктердің видеосы жарияланды. Informburo.kz жариялаған кадрлардан көшедегі күштік құрылымдармен қақтығысты, Қызылорда облысы әкімдігі мен полиция басқармасы ғимараттарына жасалған шабуылды көруге болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қызылорда полиция департаментінде қаңтар айының соңында жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты 59 қылмыстық іс қозғалған.
Полицейлер 99 адамды қамауға алып, оның 22-ін босатқан. Тәртіпсіздіктер салдарынан 210 адам ауруханаға түскен. Олардың 58-і полицейлер екен.
Айта кетейік, бұған дейін Қызылордада тәртіпсіздіктер кезінде бүлікшілермен бірге облыс әкімдігі ғимаратына баса көктеп кірген екі көпбалалы ананың қамауға алынғанын хабарлаған едік. Олар тас лақтырып, темір қоршауға шыққан.
"Оңай" ресейлік төлем жүйесімен байланысы бар деген күдікке ілінді: Пайдаланушылар дербес деректерінің қауіпсіздігіне алаңдады
"Оңайға" қатысты бірден екі мәселе туындады
Шымкенттік әйел өзін күйеуі мен енесі ұрып-соғып, екі баласымен үйден қуып жібергенін айтты
Қазір әйел екі баласымен әпкесінің үйін паналап отыр