Фото: Жаппай тәртіпсіздіктерден кейінгі Қызылорданың жағдайы қандай?
Елімізде орын алған жаппай тәртіпсіздіктерден кейін қызылордалықтар қалыпты өмірге оралуда. Өңірде тонаушылардың заңсыз әрекеттері салдарынан мемлекеттік мекемелерге көп зақым келген. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыс бойынша 28 бекеттің қызметі ұйымдастырылды. Тәртіп сақшылары мен әскери қызметкерлер қатаң жұмыс режимінде еңбек етуде. Бейберекетсіздікке барған 62 адам қамауға алынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қызылордада жаппай тәртіпсіздік 4 қаңтар күні басталған. Бір топ адамдар облыс орталығындағы сауда үйінің алдына жинала бастады. Тұрғындарды тарқату үшін облыс әкімі Гүлшара Әбдіхалықова шықты. Алайда аймақ басшысының сөзіне ешкім құлақ асқан жоқ. Ертеңіне бей-берекетсіздік басталып кетіп, тобырды тоқтату мүмкін болмай қалды.
"5 қаңтар күні жұмыстан түстен кейін қайтарып жіберді. Ауық-ауық атылған оқтың дауысын естідік. Қатты шошыдық, жақындарымыз үшін алаңдадық. Мұндай толқуды біз бұрын көрмеген едік", – дейді қала тұрғыны Балабай Ақпейілов.


Қазіргі уақытта Қызылордада жағдай қалыпты. Қоғамдық көліктер қызметі ретке келтірілген. Ертеңнен бастап балабақшалар жұмысын бастайды. Базарлар, ірі сауда орындары мен кафе-ресторандар келушілерге қызмет көрсетуде. Облыс аумағында 28 пост-бекеті жұмысы ұйымдастырылған. "Антитеррор" операциясы әлі де жүргізілуде.

Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды