Желіде тісін емдетуге келген кішкентай баланы жұлқылаған дәрігердің видеосы пайда болды (видео)

Әлеуметтік желі пайдаланушылары 1 қарашада тіс емдеу орталығында орын алған оқиғаны қызу талқылап жатыр. Дәрігердің кішкентай баланы жұлқылап ұрғаны камераға түсіп қалған. Тісін емдетемін деп үлкен кісіден таяқ жеген баланың видеосы қазақстандықтарды бейжай қалдырмады, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әйел екі баласымен бірге тіс емдейтін дәрігерге келген. Видео кадрларынан басында әйелдің баланы креслоға жатқызуға тырысқанын, сосын кішкентайымен бірге сыртқа шығып кеткенін көруге болады. 

Анасы кетіп қалған соң, бала жабырқап қалады. Оның қылықтарына шыдамаған дәрігер науқасты көтеріп алып креслоға лақтырады. Кішкентай ұл қорқып кетіп, одан бетер шу шығара түсті. Сол кезде ер кісі қолына бір затты алып, сонымен ұратынын айтады. Дәрігер баланы қорқытып, ұрып жатқанда жанында екі әйел болды. Бірде-біреуі оны тоқтатып, баланы қорғауға тырыспады. 

Кішкентай науқастың қай тісі ауыратынын анықтай алмаған ер кісі оны сыртқа алып шығады. Туысқандардың айтуы бойынша, бала бөлменің ішінде болған сұмдықты сол кезде-ақ айтып берген. 

Маңғыстаудағы полиция департаменті "ИнАқтау" басылымына баланың анасы дәрігердің үстінен сол күні-ақ арыз жазғанын айтты. 

"Арыз ақпараттарды тіркейтін кітапқа тіркелді. Тексеріс жүргізіліп жатыр", — деп хабарлады басқарма қызметкерлері. 

Кейбір деректер бойынша, бала ДЦП-мен ауырады. 
 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Айгүл Иманбаева: Баян енді басты рөлді бермесе, киноларына түспеймін

Иманбаева: Баян екеуміз қазір жақын қатынаста емеспіз

Ернар Айдар шетелдік әнші Арашпен бірге концерт бермек

Әли Оқапов: Мен өзге әншілердің танымалдығының арқасында көрермен жинағанды жек көрем

Көкшетаулық 16 жастағы қыз Нұр-Сұлтанда мас күйінде табылды

Бойжеткен үйіне оралудан бас тартты

Бағасы 11 мың теңге: Баян Алагөзова мен Ерке Есмахан арзан көйлек киіп жүр ме

Желі қолданушысы: Продюсердің көйлегі арзан бағадағы дүкеннен алынған көйлектің көшірмесіндей

Алматыда мас әйел тротуардағы жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

Жаяу адам алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды

"Астана біздікі": Нұр-Сұлтанда қару ұстаған видео кейіпкері ұсталды

Күдікті бұрын сотталған жергілікті тұрғын болып шықты

Талдықорғандық тұрғын салық органын сотта жеңіп шықты

Сот үкімінде тұрғынның қарызының жоқ екені анықталды

Оралда 60 қымбат көліктің ортасында қыдырған ер адам ұсталды

Қазір жарияланбайтын нақты ақпарат бар

Айдар Тұрғанбек: Әйелімді қатты жақсы көре бастадым

Әнші: Екінші әйелімді ұшақпен алып қаштым

Көктайғақ, боран болады: Мамандар ауа райы болжамын айтты

Республиканың солтүстігінде және шығысында кей жерлерде қар жауады
Çàãðóçêà...