"Бір-екі шапалақ": Желіде әйелдерді ұрып-соғуды қолдайтынын айтқан ер адамның пікірі талқыға түсті
Әлеуметтік желіде әйелдерді ұрып-соғуды қолдайтынын айтқан қазақстандықтың пікірі қызу талқыға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желідегі видеода сауалнамаға жауап берген ер адам әйелдерді ұрып-соғуды қолдайтынын айтқан. Ер адам қазір әлемде феминизмді қолдау үрдісі бар екенін және бұл қолдаудың шекарадан шығып кеткенін айтады. Ол мұның әйелдерге қарсы физикалық зорлық-зомбылық жасауға қандай қатысы барын нақты түсіндіріп бере алмаған.
Ер адам еліміздегі ажырасулардың көбіне әйелдер кінәлі деп есептейтінін де жеткізген.
“Қатты ұрудың қажеті жоқ, бірақ әйелдер тым тәкаппарланып кеткен кезде, иә, бұл жағдайда ұрған дұрыс. Бір-екі шапалақ, есін жинауы үшін”, – дейді ер адам.
Видео әлеуметтік желі қолданушыларының сынына ұшырады. Азаматтың бұл сөзіне көптеген қолданушылар наразылық білдіргенімен, ер адамның мұндай қатыгез пікірін қолдайтындар да табылған.
@bilgen.durys #сауалнама #зорлыкзомбылык #әйел #ерлізайыптылар #петиция ♬ оригинальный звук - bilgen durys
Алматы облысында әйел көлікпен үйдің ауласына кіріп кеткен: Жарақат алған тұрғын бір аяғынан айырылды
Салдарынан аулада әйелдің аяғын ампутацияламақ
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”