Желіде ара қатынасын талқыға салған Асқар Ілиясов пен Айя Шалқардың әрекетін көпшілік хайпқа балады
Желі қолданушылары көпшілік алдында қарым-қатынасын талқыға салған актер Асқар Ілиясов пен Айя Шалқарды хайп жасап жүр деп айыптады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: instagram.com/askar.ilyassov/aya_shalkar
Асқар Ілиясов әлеуметтік желідегі парақшасында спектакльден бірнеше кадрлар жариялады. Желі қолданушылары суреттердің астындағы жазбаны актер бұрынғы сүйіктісі Айя Шалқарға арнады деп топшылады.
“Еркек пен әйел бір-бірін түсіну үшін басқа әдіс-тәсіл іздеуге тысыратын спектакльден кадрлар. Жақында сахнада”, – деп жазды ол.
Оқырмандардың басым бөлігі актерден Айяны не себепті ренжіткенін сұраса, енді бірі екеуі ара қатынасын желеу етіп, хайп жасап жүргендеріне сенімді.
“Неге Айяны ренжіттің?”, “Жақсы хайп болды. Ду қол шапалақ”, “Айя спектакльдің поромосын жасаған секілді ғой”, “Бұл бір маркетинг болған сияқты”, “Асқар, біз сенімен біргеміз. Абьюзге қарсымын, бірақ Айя Шалқар соңғы жағдайларған байланысты хайп ұстағысы келген сияқты”, – деп жарыса жазды желідегілер.
Еске салайық, Айя Шалқар экс сүйіктісін абьюзерге теңеп, “өткен өмірім үшін кінәлай береді” деп айыптаған еді. Сондай-ақ актер модельмен арадағы түсініспеушілікті көпшілік алдында сұхбат беріп шешейік деген ұсыныс жасады.