Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қорқамын": Блогер Damelya Sweet соңынан белгісіз жігіт қалмай жүргенін айтты

Жастар арасында “Damelya Sweet” лақап атымен танымал блогер Дамелия Бектұрсынова соңына белгісіз жігіт түсіп, өзін аңдып жүргенін айтты. Блогер жалғыз жүріп-тұруға қорқып қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: instagram.com/damelya_sw_

Damelya Sweet соңынан қалмай жігіттерге ескерту жасады. 

“Мен парақшамда жағымсыз дүниелер туралы сирек айтамын. Бірақ шыдамның да шегі бар. Бір ай уақыт болды, бір адам менің соңыма түсіп алды. Барынша менің көңілімді аулағысы келетін көрінеді. Бірақ мұнысы әдепке жатпайды. Маған өтірік адамдар жіберіп, сөйтіп сыртқа шығарудың амалын жасайды. Үйіме келіп алып, маған “сыртқа шық” дейді. Егер мұндай нәрсе тағы қайталанса, ренжімеңдер, жеке деректеріңді жариялаймын. Мұның сендерге де, мені оқитын отбасыңдағы адамдарға да ұнай қоймайтыны анық. Сол себепті бір-біріміздің жүйкемізді тоздырмайық. Менің жүйкемнің саулығы сендердің маған деген көңілдеріңнен де қымбат”, – дейді блогер.  

Ол алаңсыз жүруден қалған. Блогер үнемі үрейде өмір сүруден шаршаған.

“Жалғыз қалуға қорқып жүргеніме бір ай болды. Жалғыз жүрмеймін, отырмаймын. Мен қорқамын, түсініңдерші. Өтініш, доғарыңдар! Осы уақытқа дейін шыдап келдім. Бірақ шаршадым. Мұндай нәрсе қайталанса, ренжімеңдер”, – деп жазды Дамелия.

Фото: Видеодан кадр

Талқылау