Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде Алматыда болған атыстың жаңа бейнекөріністері жарияланды (видео)

Ғаламтор желісінде Алматыда болған атыстың куәгерлер түсірген жаңа видеолары жарияланды.

Безымянный

 

Қолданушылар видеоларды YouTube желісі мен әлеуметтік желілерге жариялауда.

Айта кетейік, кеше, 18 шілде күні Алматыда атыс болып, 3 полицей мен бір бейбіт тұрғын қаза болған еді. Қылмысқа күдікті жігіт ұсталды. Ол 1990 жылы туған Куликбаев Руслан есімді азамат болып шықты. Ол бұрын қару сақтағаны және ұрлық жасағаны үшін сотталған. Елбасы бұл оқиғаны теракті деп атады.





Ертеректе хабарланғандай белгісіз ер адам Николь базарында атыс жасаған еді. Атыстан полицейлер ауыр жараланғанын хабарлаған едік. Алматының бірнеше аудандарында атыс дауыстары естілгенін де хабарлаған болатынбыз. Алматыдағы атыстан жараланғандар лек-легімен ауруханаға түсіп жатыр.

Сондай-ақ, қала бойынша террорлық қауіптің қызыл деңгейі жарияланып, тұрғындардың үйлерінен шықпауы қатаң ескертілді. Сәйкесінше, қаладағы ірі сауда орталықтары жұмыстарын тоқтатты.

Соңғы ресми деректер негізінде қаза тапқан тәртіп сақшыларының аты-жөндері жария етілді.

Талқылау