Куәгерлер Алматыдағы атыс барысында екі полицейдің қаза тапқанын жариялауда
Алматы қаласында орын алған атыс әрекеттеріне байланысты, бірден бірнеше жер қоршауға алынды.

Фото: Новости Казахстан
Бұған дейін Алмалы аудандық полиция бөлімі маңы қоршалған еді. Белгісіз адам атыс бастаған. Жараланғандар бар.
Қазір қаладағы қауіпсіздік комитеті департаменті маңы, Алмалы аудандық әкімдігі және Байзақов көшесі бойы қоршауға алынып, қауіпсіздік шаралары атқарылуда.
“Абай даңғылы мен Байзақов көшелерінің қиылысында ер адам екі адамды атты. Сондай-ақ, Абылай хан мен Төле би көшелерінің қиылысында да атыс даусы естілген. Полицейлер мен белгісіз біреулер арасында атыс орын алды. Бір тәртіп сақшысы көлік ішінде қансырап жатса, екеуі жол үстінде жатыр”, – дейді куәгерлер.
Бұған дейін Алматының Николь базарында қолына қару ұстаған ер адам атыс жасағаны хабарланған еді.
"Тұмау деп жаппақ болды": Алматы тұрғыны әкесінің дәрігерлердің салғырттығынан өлім аузынан қалғанын айтты
Жанна: "Науқастың дене қызуы көтеріліп, ауырсынуы күшейсе, дәрігер мұның бәрін тұмауға қалай жаба салады?"
"Терапевтке жазыла алмаймыз, УДЗ-ға үш ай кезек күтеміз": Қазақстандықтар МӘМС жүйесіндегі мәселелерді көтерді
Сания: "Ал ақылы түрде десең шұғыл-ақ қабылдайды"