Желіде Алматыдағы автобекетте болған "митингтің" видеосы таралуда
Әлеуметтік желіде Алматыда митинг болып жатыр деп айтылған видео жаппай таралып жатыр, Бұл туралы қаладық ПД пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Видео авторының сөзінше, Алматыдағы Сайран көлінің маңында халық көтеріліп, оларды басуға әскерилер жіберіліп жатыр екен.
"Әне, полицейлер де жүр", - дейді видео авторы.
ПД өкілдері оқиға 14 мамырда орын алғанын айтады.
"Автобекетке отан алдындағы борышын өтеген сарбаздар келген болатын. Ал көптеп жиналған адамдар - олардың туыстары", - деді ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Бұған қоса полицейлер қазіргі таңда желіде жалған ақпарат таратқан ер азаматтың тұлғасын анықтап үлгеріпті. Қазір тексеріс амалдары жүргізілуде екен.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған