Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде алаяқтардың арбауына түскендер ақшасын қалай қайтара алады – Заңгер кеңес берді

Қазақстандық келіншек Instagram арқылы балалар киімдеріне тапсырыс беріп, сатып алған. Алаяқтарға тап болғанын білмеген ол ақшадан да, тауардан да айырылған. Заң өкілі ақшаны алаяқтардан қайтарып алу үшін не істеу керегін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Diapazon.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Келіншек “саудагер” әйелмен Instagram желісі арқылы сөйлескен. Ол киімдерге тапсырыс беріп, бірден төлем жасаған. Ал “саудагер” өз кезегінде тауарды өзі жеткізіп беруге уәде берген. 

“Балалар киімін, футболка мен шұлықтар сатып алдым. Жалпы сома 37 мың теңге болды. Айтқан уақытында жеткізбеді, ештеңге жоқ, ақша да жоқ. Ол мені бұғаттап тастады. Өзімді жаман сезініп тұрмын. Ол тіпті Ақтөбеде тұрмауы да мүмкін. Ақшаны қайтарудың жолы бар ма?”, – деп жазды жәбірленуші.



“Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне хабарласуға болады. Бұл орган өтініш бергендерге нақты көмек көрсетеді және сатушыға қарсы шағым жасауға көмектеседі. Шағымды WhatsApp немесе басқа байланыс құралдары арқылы жазып жіберуге болады. Бұл талап қанағаттандырылмаса, ақшаңызды сот арқылы өндіріп алуыңызға болады”, – дейді заңгер Алена Дуля.

Бұған дейін алаяқтарға 46 миллион теңге аударып жіберген ақтөбелік дәрігер туралы жазған едік.

Талқылау