Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік дәрігер алаяқтарға 46 миллион теңге аударып жіберген

Алаяқтар өздерінің Kaspi Profit платформасына сенімді жарнаманы желеу етіп, дәрігерді сан соқтырды. Олар ары қарай дәрігердің сеніміне кіру үшін банк басшысының сұхбатынан үзінділерді кесіп алып, оның дауысын қолдан жасап видео түсірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВРЕМЯ сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: materlife.ru

Айласын асырғандар әлеуметтік желілерде жарнамалар жариялап, адамдарды "ақшаларын тиімді шарттармен салуға" белсенді түрде шақырған. Жарнама бергендердің бұл әрекеті ақтөбелік дәрігерге ақылға қонымды болып көрінген. Ол қаңтардан сәуірге дейін алаяқтарға 46 миллион теңге аударған. 

Өкінішке қарай, оның Rose Finance криптографиялық платформасына қосқан үлесі, ол арқылы жоғары пайыздық мөлшерлемелері әп-сәтте әлдекімдердің қолына кетті. Іс насырға шапқаннан кейін әйел полицияға хабарласқан. Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізіліп жатыр.



Еске салайық, бұған дейін алаяқтар су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға өтемақыны аударамыз деп, аттарына несие рәсімдегені туралы жазған едік. Мемлекеттен төлем жасаймыз деген желеумен су тасқынынан зардап шеккендерге әлдекім қоңырау шалғанын мәлімдеді. Бөрлі аудандық полициясына осыған қатысты шағым түсіпті. Шабуыл жасаушылар өздерін жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері немесе еріктілер деп таныстырып, SMS арқылы келген құпиякодты айтуды сұрайды.

Талқылау