Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жалған полицей ұсталды (видео)

Алматы облысында жалған полицей форманы әскери киім дүкендерінің бірінен сатып алғанын мойындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеокадрдан алынған

Әлеуметтік желіде тәртіп сақшысының киімін киген ер адамның күдікті әрекеттері бейнеленген видео жарияланды. Талғар ауданында полиция осы іске қатысты 31 жастағы жергілікті тұрғынды қолға түсірді. Ол жанармай құю бекеттерінің біріне полиция формасын киіп барғанын мойындады.

"Жауап алу барысында жігіт қаладағы әскери киім дүкендерінің бірінен арнайы форманы сатып алғанын айтты. Жалған полицей қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады", – деді ПД баспасөз қызметі.

Еске салайық, 26 сәуірде Шымкентте ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері күш қолданып, қала тұрғындарынан ашық түрде көлемді ақша алып кеткен үш жігітті ұстады. Олар өздерін полиция қызметкері деп таныстырып, тұрақты түрде ақша бопсалап отырған. Сонымен қатар "қамқорлықтары" үшін ай сайын төлем талап еткен. Олардың бірінен жалған полиция қызметкерінің жеке куәлігі тәркіленді. Екіншісі бұрын алаяқтық үшін сотталған.

 

Талқылау